TOPBIK.COM

Біржан Байбол - Қырғыз қызына

/
  • Категория: Казахская Музыка
  • Качество: 320 kbps
  • Размер: 4.61 Mb
  • Длительность: 3:21 min
  • Формат: MP3
  • Опубликовано: 20-08-2023, 10:57

Текст песни:

Мен қазақпын, ол қырғыз - сайраған сол қыз,
Ол әндетсе, тербелген көктегі ай, жұлдыз.
Ақ қалпақты Алатау, қазбауыр бұлтпен,
Сол бір қызға серінің сәлемін білгіз.

Нұр төккенде таңға арай шыдар жан қалай?
Жалт етіп бір көрінген сен бе найзағай?
Жаным, жаным, жаным, жаным,
Арман-ай, арман-ай, әнім, толғанай.
Жаным, жаным, жаным, жаным,
Арман-ай, арман-ай, әнім, толғанай.

Ол қырғыз да, мен қазақ, кездескен кезде-ақ,
Сезбеппін-ау сағыныш саларын азап.
Ыстық көлдің жағасын бірге қыдырып,
Күй кешірсем басымнан өшпейтін ғажап.

Нұр төккенде таңға арай шыдар жан қалай?
Жалт етіп бір жоқ болған сен бе найзағай?
Жаным, жаным, жаным, жаным,
Арман-ай, арман-ай, әнім, толғанай.
Жаным, жаным, жаным, жаным,
Арман-ай, арман-ай, әнім, толғанай.

Қырғыз-қазақ бауыр да, ортақ тауым да,
Басылмай жүр сен жаққа жалтақтауым да.
Жанарыңды от шашқан көруге асықпын,
Бір қыдырып келсеңші біздің ауылға.

Нұр төккенде таңға арай шыдар жан қалай?
Жалт етіп бір көрінген сен бе найзағай?
Жаным, жаным, жаным, жаным,
Арман-ай, арман-ай, әнім, толғанай.
Жаным, жаным, жаным, жаным,
Арман-ай, арман-ай, әнім, толғанай.

Нұр төккенде таңға арай шыдар жан қалай?
Жалт етіп бір көрінген сен бе найзағай?
Жаным, жаным, жаным, жаным,
Арман-ай, арман-ай, әнім, толғанай.
Жаным, жаным, жаным, жаным,
Арман-ай, арман-ай, әнім, толғанай.

Популярные песни